Түркістан облысында Бәсекелестікті қорғау департаменті 40-тан астам талдау жүргізген

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 18 қыркүйек, 2024

Облыс аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде құқық бұзушылықтар анықталды

2024 жылдың 8 айында Түркістан облысының тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 41 талдау жасалды,- деп хабарлайды turkistan.today

Жанар-жағармай материалдары, сұйытылған мұнай газ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, медициналық қызмет көрсету, электр энергиясын сату сынды салалар зерттелді.

Нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жалпы құны 2 млн. 769 мың теңгені құрайтын 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов мәлімдеді.

 «Департамент тарапынан нарықты талдау, өтініштерді қарау қорытындысымен монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша 9 хабарлама шығарылды. Сондай-ақ, облыс аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде құқық бұзушылықтар анықталды. Орын алған заңсыздық негізінде жауапты тұлғаларға 2 млн 212 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, қазіргі таңда салынған айыппұл толық көлемде өтелді»-деп баяндады спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.