Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Түркістан облысының Бәйдібек ауданында 68 млн текше метр су жинай алатын Бәйдібек ата су қоймасының құрылысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 50%-ға аяқталды,- деп хабарлайды turkistan.today
Жаңа су қоймасы Бала Бөген және Үлкен Бөген өзендерінің түйіскен жерінде, 680 гектар жер учаскесінде орналасқан. Бәйдібек-ата қоймасы тасқын суын жинайды және суару кезеңінде Бөген су қоймасына қосымша су жібереді.
«Министрлік әзірлеген су ресурстарын басқару жүйесін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін республика бойынша 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етуге, су басу қаупін және трансшекаралық су ресурстарына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік өңірлерде салынатын жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басу қаупінің алдын алып, қосымша 1,5 млрд текше метр су жинауға ықпал етеді. Бұл су оңтүстікте суармалы егіс алқаптарының көлемін 295 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.