Түркістан облысында Бауыржан Момышұлының ескерткіш орнатылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 мамыр, 2025

Түркістан облысы, Сайрам ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара  ұйымдастырылып, халқымыздың жауынгерлік рухы мен батырлық шежіресіне тағзым жасалды. Іс-шара барысында мерекелік әскери шеру ұйымдастырылып, оған 500-ге жуық азамат қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. 

Салтанатты жиынға қатысушылар «Мәңгілік алау» алдында гүл шоқтарын қойып, сұрапыл соғыста қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етті. Сонымен қатар бірқатар тыл еңбеккеріне мерекелік медальдар табысталды. 

Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Сабитов жұртшылықты атаулы мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен шайқасқан батырларымыздың ерлігі – елдігіміздің мәңгілік мұрасы екенін атап өтті.

 Іс-шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Аудан өнерпаздары соғыс жылдарындағы батырларымыздың ерен еңбектері жайлы сахналалық көріністер қойып, жауынгер рухын жырлаған әндер орындады. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.