Түркістан облысында биыл заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 19 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Нәтижесінде өңірдегі 32 мыңнан астам абонент төмендетілген тарифпен электр энергиясын пайдалануда. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Думан Қалибеков брифингте мәлімдеді. 

-  Департамент биыл 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін лицензиялардың қолданылуын тоқтатты. Тарифті төмендетудің алғышарты - тұтынушылардың электр энергиясын кепілді жеткізушіге ауысуы болды. Бұл тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті. Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына «Энергопоток» ЖШС-мен тиісті шарт жасасу керек-, деді спикер.

Сонымен қатар, департамент басшысы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Департамент 2 табиғи монополия нысанымен бірқатар келісімге келген. Оның бірі - «Кентау Сервис» МКК-мен жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша 5 жылдық шекті тарифтер бекітілген. Ал, екінші нысан - «Түркістан су» МКК үшін су құбыры желілері мен өрт сөндіру гидранттарын жөндеуге 161 млн 637,23 мың теңге бекітілген.

Сондай-ақ, департаментпен биыл жыл басында «ҚазТрансГазАймақ» қазіргі «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамына қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс нәтижесінде мекеме тұтынушылдардан газ желісіне қосу үшін негізсіз 164 млн тенге алғаны анықталып, оны тұтынушыларға қайтару қажеттілігі туралы Департамент тарапынан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға нұсқама енгізілген. Бұдан бөлек, жыл басынан Департаментпен 32 табиғи монополия субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, жалпы 20 382 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.