Түркістан облысында көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 28 ақпан, 2025

Түркістан облысында 2024-2025 жылғы қыс-көктемгі су тасқынын алдын алу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс аумағындағы ауа-райы болжамдарына күнделікті зерттеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Нұрлыбек Рахымбердиев мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Облыс аумағындағы 68,2 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өтті. Сонымен қатар, Келес ауданында 14 шақырым арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Сайрам ауданында Арыс өзенінің арнасын түзету жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Сауран және Отырар аудандарында - 4 дана су тоспасы орнатылды. Қазіргі таңда Шардара суқоймасынының толуы – 86%, ал Көксарай су реттегішінің толу деңгейі – 32%. Көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы 1 063 жеке құрам, 125 техника, 11 қайық пен 93 мотопомпа, 44 бірлік техника дайындыққа келтірілген. «Қазгидромет» орталығының ақпараты бойынша наурыз айында жауын-шашын мөлшері норма шамасында болатыны және ауа-райының орташа температурасы +3 пен +12 аралығында болатындығы көрсетілген. Қазіргі таңда елді мекен аумақтарындағы қар қоры толығымен еріген» - деді спикер.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Дүйсен 1-наурыз Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылатын шаралар туралы сөз қозғады.

«1 наурыз күні - Түркістан қаласындағы «Тұран Молл» ойын сауық кешені аумағында ашық есік күні, құрал-жабдықтар, техникалар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, тұрғындар арасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша жадынамалар, тарата отырып, оқу-жаттығулар мен флешмобтар өткізіледі. Бұл іс-шаралар 30 наурызға дейін жалғасатын болады» - деді сала маманы.  

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.