Түркістан облысында көмірге деген қажеттілік 150 мың тоннаға азайған

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 29 қазан, 2024

Қазіргі таңда Кентау қаласындағы 6,6 шақырымдық  магистральды жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды

Түркістан облысындағы жылыту маусымы өңірдегі 12 ауданда биыл 11-21 қазан аралығында басталды. Қалған 5 аудан, қалаларда жылу маусымын 1 қарашадан бастау жоспарланған. Бұл туралы өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

-  Облыс көлемінде 1 жылу энергия орталығы, 34 орталықтандырылған және 1 622 автономды қазандықтар бар. Жалпы облыстағы 737 көпқабатты тұрғын үй мен 2 243 бюджеттік мекеме жылыту маусымына толықтай дайын. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы 6,6 шақырымдық  магистральды жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Өңірдің көмір отынына қажеттілігі - 684,1 мың тонна. Елді мекендерді газдандыру жұмыстарының нәтижесінде, қатты отынға тәуелділік өткен жылмен салыстырғанда 150 мың тоннаға азайған. Облысқа көмір тасымалдаумен 23 өңірлік оператор айналысады. Қазір көмір тұйықтарындағы көмір қоры 120 мың тоннаны құрап отыр. Жалпы жағдай қалыпты, көмір жоспарға сәйкес тасымалдануда. Аймақта көмірдің 1 тонна бағасы 19 850 – 22 000 теңге аралығында саудалануда. Сондай-ақ облысқа қажетті 7,8 мың тонна әлеуметтік мазутты ҚР Энергетика министрлігі тарапынан оператор мекемелері анықталып, бағасы бекітілді. Тасымалдау жұмыстары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қыркүйек, қазан айларында өңірге 3 616 тонна мазут тасымалданды, - деді спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.