Түркістан облысында Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 4 маусым, 2025

Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілді. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

 «Облыста 2024 жылы Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына 11 адам шалдыққан. Науқастардың 4-н кене шаққан, 6-ы мал күтімімен айналысқан, ал 1-і табиғи ошақта егістікпен айналысқан. Аталған ошақта эпидемияға қарсы және жұқтыру көзін анықтау мақсатында эпидемиологиялық, зооапаразитологиялық тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, қоражайлар мен ауылшаруашылық малдарынан барлығы 3 468 кене жиналып, зерттеу қорытындысы бойынша 16 сынамадан аталған аурудың қоздырғышы анықталды. Айта кетейік, өткен жылы өңірде барлығы – 1 416 тұрғынды кене шағып медициналық ұйымдарға қаралған. Ал биылғы жылдың басынан осы күнге дейін аталмыш ауруды жұқтырған 1 жағдай тіркеліп отыр. Облыс бойынша 2025 жылдың бүгінгі күніне дейін барлығы 597 адамды кене шағып, азаматтар медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Облыс тұрғындарына айтарымыз, кене шаққан жағдайда міндетті түрде емханаларға барып тексерілу керек. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді жолы тазалық сақтап, кене шаққанда дер кезінде дәрігерге жүгіну»-деді спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.