Түркістан облысында мал шаруашылығы мамандарына құрмет көрсетілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 13 маусым, 2025

Түркістан өңірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен мал шаруашылығын дамыту, терең өңдеу кәсіпорындарын ашуға, ет экспортын ұлғайтуға  басымдық берілуде,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы ретте Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Малшылар күні» кәсіби мерекесіне орай Түркістан өңірінде сала мамандарына құрмет көрсетілді. Төрт мезгілде бір сәт тыным таппайтын, малдың жайын ойлап, азығын баптайтын малшылар қауы­мының мерекесі тойланды.  

Келес, Қазығұрт, Шардара, Жетісай және Мақтарал аудандарының шаруалары Сарыағаш қаласында бас қосса, Отырар, Сауран аудандары және Арыс, Кентау қалаларының малшылар қауымы Ордабасы ауданындағы мерекелік шараға қатысты. Төлеби, Түлкібас, Созақ және Бәйдібек аудандарының малшылары Сайрам ауданындағы салтанатты шарада төрге озды. 

Мал шаруа­шы­лығы саласындағы азамат­тардың мәр­те­­бесін көтеру, еңбектегі жетіс­т­іктері үшін көтер­мелеуді мақсат тұтқан мереке аясында  жетісайлық Хахаров Қошқар, ордабасылық Ташимов Құралбай – Ауыл шаруашылығы министр­лігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, төлебилік шопан Мырзақұлов Қошқар, жетісайлық Жұманова Салтанат «Ауыл шаруа­шылығының үздігі» төсбел­гілерімен марапатталды. Отырарлық түйеші Жанатаев Мейрамбайға «Құрмет грамотасы» табысталды. Сонымен қатар, Қайқыбай Айтжан, Шағалақов Құралбек, Әлібеков Оңғалбек  Ауыл шаруашылығы министр­інің Алғыс хатымен марапатталды. 

Малдың жайын баққан біледі. Төрт түліктің саны өңірімізде жыл сайын артып келеді. Бүгінде облысымызда 1,2 млн. бас ірі қара, 5,1 млн. бас ұсақ мал, 504 мың жылқы, 44 мың түйе бар. Бұл ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің нақты көрсеткіші. Нәтижесінде өңірімізде жыл басынан бері 62 мың тонна ет, 163 мың тонна сүт өнімдері өндірілген. Мал шаруашылығын дамыту жолында еселі еңбегімен ерекшеленген 65 азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.