Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 маусым, 2025

Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Оған денсаулық сақтау саласының ардагерлері, үздік дәрігерлер мен мейірбикелер, түрлі медицина мекемелерінің өкілдері қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ақ желеңді абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлес қосып жүрген мамандарға ерекше алғыс білдірді. Үздік дәрігерлерді марапаттады. 

  Салтанатты жиында сала үздіктері «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов те дәрігерлерді мерекемен құттықтап,  құрмет көрсетті. 
 
 Соңғы жылдары Түркістан облысында медицина саласы қарқынды дамып келеді. 2024 жылы ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 55 жаңа медициналық нысан салынды. Оның ішінде 49 мекеме – «Ауылдық денсаулық сақтау» ұлттық пилоттық жобасы аясында салынса,  2 мекеме дайын ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асты. 1 нысан – жеке инвестиция есебінен, 3 нысан жергілікті бюджет есебінен ашылды.
 
Сонымен қатар тозығы жеткен 4 аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда тағы 4 аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі жобалар қатарына енді.

Медицина саласындағы білім мен тәжірибені арттыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.  20 дәрігер Ресейдің Санкт-Петербург қаласында біліктілік арттыру курсынан өтті.  Шетелдік мамандарды тарту арқылы 75 медицина қызметкері халықаралық деңгейде білім алды.  Қосымша  200 жалпы тәжірибелік дәрігер мен 190 орта буын медицина қызметкерін оқыту жоспарланған. 
 
Бұл игі істер – ақ халатты мамандардың заманауи әрі қолайлы жағдайда еңбек етуіне, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуіне жол ашатын нақты қадам.
 
Салтанатты жиын барысында медицина саласында ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табыс етілді. Сондай-ақ «Үздік медицина қызметкері» байқауының жеңімпаздары да лайықты марапатталды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.