Түркістан облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар қарқынды жүргізілуде

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 3 маусым, 2025

ҚР ІІМ делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес отырысын өткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары сараланып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. 

Кеңес отырысында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, ҚР ІІМ Кеңес мүшелері Жанос Ақтаев пен Баян Ахатай атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмысты жандандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. 

Бейсенбай Тәжібаев жауапты тұлғаларға нәтижесіз жобаларды қысқартуды, індетті жеңген кейіпкерлермен кездесу ұйымдастыруды тапсырды. NEET санатындағы жастар, ҰБТ тапсырмайтын азаматтарға колледжердегі гранттар, «Жастар практикасы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді. 

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Құрманбек Саховтың 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 139 дерегі анықталған (2024 жылы – 280). Оның ішінде, 33-і – қылмыстар болса, 106-і – теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 198 кг 527,60 гр есірткі заттары тәркіленіп алынды. Оның ішінде,  синтетика есірткі заты, гашиш, марихуана, көкнәр сабаны,  кокаин бар. 

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен 2025 жыл – Профилактика жылы деп аталды. Бекітілген жоспарға сәйкес, Түркістан облыстық Полиция департаменті тарапынан профилактикалық шараларды және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті нығайту мақсатында қылмысқа қарсы күресті жалғастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді түрде қорғау бағытындағы шаралар күшейтілді. Осы негізде Департаменттің жанында есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы саласында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес мүшелері құрылып, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, заңға бағынатын мінез-құлық пен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің» 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 405 ақпараттық сайт анықталып, «Киберқадағалау» сараптамасына жолданып, бұғатталды. Ойын-сауық орындарында 48 рейдтік іс-шара жүргізілді. Сонымен қатар әуежай, теміржол вокзалы, «Қазпочта» қызметкерлерімен бірге есірткі құралдары және психотроптық заттарды заңсыз жөнелту фактілерін анықтау үшін департаменттің қызметтік иттерінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары тұрақты атқарылып, жалпы 50 рейдтік іс-шара өтті. Одан бөлек, дәрілік заттардың, әсері күшті дәрілік-препараттардың заңсыз айналымға түсуін анықтау бойынша тоқсан сайын «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Наурыз айында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс аумағында 105 дәріхана, 4 қойма, 16 емдеу-профилактикалық мекеме және 3 өндірістік кәсіпорны тексерілді. 42 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жиында Облыстық қоғамдық даму және Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің есебі тыңдалды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.