Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысымен 45 өндірістік жазатайым оқиға тіркелген. 2023 жылы мұндай жағдай 51-ге жеткен болатын. Өткен жылы тіркелген оқыс жағдайлар нәтижесінде 55 адам зардап шексе, 8 адам қайтыс болған. Бұл жайында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Амангелді Әліш брифингте мәлімдеді,-деп хабарлайды turkistan.today
"Жоғарыда аталған өндірістік жарақаттар бойынша жұмыс берушілерге қылмыстық іс қозғау үшін 40 іс-құжат құқық қорғау органдарына жолданды. Құқық қорғау органдарынан алынған ақпаратқа сәйкес, 18 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылған. Қалған 22 іс бойынша жұмыстар жалғасуда. Департаменттің 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша азаматтардан жолданған 1 454 арыз-шағымның 987-не жауап берілсе, қалған 192 арыз-шағым өз дәлелін таппаған. Сондай-ақ, заңға сәйкес келмеуіне және арызды кері қайтарып алуына байланысты 275 іс тоқтатылған. Арыз-шағымдардың 70%-ы мемлекеттік органдарға қатысты түссе, 30%-ы жеке сектордан түскен. Оның ішінде, білім беру саласына – 64%, денсаулық сақтау саласына – 10%, мемлекеттік мекемелерге – 7%, әлеуметтік салаға – 4%, өзге салаларға 15%-ы тиесілі", - деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, облыс көлемінде департамент тарапынан 228 тексеру жүргізіліп, 363 заңбұзушылық анықталған. Нәтижесінде 347 әкімшілік хаттама бойынша 31 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 30 млн теңгесі өндірілген.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.