Түркістан облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Мәселен жыл басынан бері полицейлермен 38 229 тұрғын үй араланып, азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен одан қорғану жолдары түсіндірілді,— деп хабарлайды turkistan.today
Сонымен қатар 50 460 азаматқа жеке ескерту жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары білім беру және медицина салаларын да қамтыды.
Арнайы онлайн тестілеу арқылы 56 563 студент, 218 463 оқушы, 86 244 мұғалім және 23 563 медицина қызметкерінің білімі тексерілді. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарында 710 профилактикалық кездесу өткізілді.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік желілермен қатар облыстағы 75 LED-экран мен 90 билбордта ескерту материалдары тұрақты түрде жариялануда.
Осы ретте полиция азаматтарға қарапайым ережелерді ұстануға кеңес береді. Соның ішінде бейтаныс қоңырауларға сенбеуге, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.