Түркістан облысында тәуелсіздік күні мерекесіне орай 3 медициналық нысан ел игілігіне берілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 желтоқсан, 2024

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today

– Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арналған Жолдауында ауылдарды медициналық нысандармен қамтуды тапсырған болатын. Облысымызда 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды. Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, – деді Дархан Сатыбалды.

5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы нысанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. 

Осы күні Түркістан облысы, Түлкібас ауданы,  Абайыл елді мекенінде жаңа медициналық тірек құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен бірге Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындары медициналық нысандардың ашылғанына қуаныштарын жасырмай, ел азаматтарына алғыстарын білдірді.

Биыл Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда. Жалпы облыс бойынша жыл соңына дейін 48 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Біреуі жеке инвестор есебінен салынады. Басым көпшілігінің құрылысы аяқталған. Жаңадан ашылатын нысандар тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек түрлерін көрсетеді. Ал ескі ғимаратта болған ФАП-тардың бірқатары жаңа нысанға ауыстырылады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.