«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Түркістанда «Бірлік жарысы» өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыс орталығында өткен сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс «Денсаулық» саябағынан басталып, «Достық» үйіне дейін жалғасып, жалпы қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді.
Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде өтіп, жалпы 17 аудан-қаладан 6 мыңнан астам адам қамтылды.
Бұл шараның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігін, достығы мен татулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша іріктеліп, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен қыздар арасында бақ сынасты. Атап айтқанда, 18 бен 29, 30 бен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 50 мен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.
Салтанатты іс-шараның соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жеңімпаздарға арнайы диплом мен медаль табыс етті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.