Түркістан облысындағы ҰОС ардагерлері референдумда дауыс берді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 6 қазан, 2024

Жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады

Түркістан облысында ҰОС ардагерлері АЭС құрылысы бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады,- деп хабарлайды turkistan.today

Мәселен, Сауран ауданы Ескі Иқан ауылының тұрғыны 100 жастағы ардагер Закір Мұсаев өз таңдауын жасап, өзге аудан тұрғындарын да науқанға белсене қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің №580 дауыс беру учаскесіне 98 жастағы Ахмеджан Анартаев та келіп, ел келешегіне бей-жай қарамайтындығын айтып, дауыс берді. Абыз ақсақалдарға комиссия мүшелері алғысын айтып, ақ батасын алды. 

Айта кетейік, жалпы облыста 200 мыңға жуық зейнет жасындағы қарт пен ардагерлер тұрады. Оның 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 3,2 мыңнан астамы тыл еңбеккерлері.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.