Түркістан облысында жұмыс орындарын ашу, тұрғындарды еңбекпен қамту бағытында жұмыс жалғасуда. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен жұмыс жоспары бекітіліп, саладағы индикаторларды орындау бойынша жүйелі іс атқарылуда,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өтетін мәжілісте І тоқсан қорытындыланып, осы бағыттағы жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдіктерінің жауапты өкілдеріне сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату тапсырылды.
Мәжілісте 2025 жылдың I тоқсанында аз қамтылған және мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылы кедейлікті төмендету мақсатында 76,2 мың адамды (12,7 мың отбасы) АӘК-пен қамтамасыз ету жоспарланып, бұл мақсатқа 10,7 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 2025 жыл соңына дейін АӘК алушылар санын 76 228 адамға, ал кедейлік деңгейін 3,5%-ға төмендету жоспарланды. Аз қамтылған азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында облыста бірқатар жұмыстар атқарылып, әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Биылғы 1 тоқсанның қорытындысымен 45011 адамға (7333 отбасына) АӘК тағайындалып, төленді. Кедейлік деңгейі 2,1%-ды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға (2024 жылы – 4,4%), ал АӘК алушылардың саны 49 739 адамға немесе 52,2%-ға төмендеп, меже орындалып отыр. Сонымен қатар 2025 жылдың 1 сәуіріне еңбекке қабілетті 10 259 АӘК алушының 6 666-сы немесе 65% -ы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы 2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Абзал Қазанқаповтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, 2025 жылы «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын (83 554 тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек» бағытымен – 57 221 және ұлттық жоба бойынша 4 074 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде 22 595 адамды «10 мың адамға 100 орын» жобасы арқылы, 45086 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау, 1793 азаматты мемлекеттік грант қаражатымен қамту көзделуде. 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» арқылы 37 200 жұмыс орны ашылды (жоспар – 36 615 адам). Оның ішінде 7883 адам бос жұмыс орындарына жолданып, тоқсандық жоспардың 68,9% орындалды (жоспар 11 444 адам). Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын құру» тапсырмасына сәйкес 972 жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 14 233 азаматты уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, 15724-і жолданды. Субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған 15724 азаматтың 713-і білім саласына, 5425-і өнеркәсіп, 277-сі денсаулық сақтау, 7 900-ы қызмет көрсету, 1089-ы ауыл шаруашылығы және 320-сы басқа да салалар бойынша жолданған.
Бүгінгі күнге ақылы қоғамдық жұмыстарға 12 649 адам жолданып, оның ішінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қала әкімдерінің ұсынысымен тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізетін мекемелерге 5614 азамат жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 7883 азаматтың 3950-і мемлекеттік, 3933-і жекеменшік мекемелерге жолданған.
Мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуы мен субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған азаматтардың еңбек тәртібін сақтауына зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде жыл басынан 13 888 азаматқа қатысты зерделеу жұмыстары жүргізіліп, еңбек тәртібін сақтамаған 667 азаматпен шарт біржақты тоқтатылып, нәтижесінде 613,7 млн қаржы үнемделді.
Облыс әкімінің орынбасары аталған саладағы жұмысты үйлестіру, тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын күшейтуді тапсырды. «Мансап» орталықтары мен аудан, қала әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларының жұмысы тұрақты қадағаланады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.