Түркістан облысында жаңа зауыттар мен кәсіпорындар салынуда

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 23 мамыр, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Оған инвесторлар, аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, кәсіпкерлік пен инвестицияға қатысты мекеме жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде облыста жаңадан іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері баяндалды. Облыс әкімі жауаптыларға жұмысты жеделдетуді, өндіріс орындарын көбейтуді, жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. 

– Бүгінгі инвестициялық штаб отырысында маңызды мәселелер қаралуда. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары ұйымдастыру, үйлестіру, инфрақұрылым мәселелерін жедел шешулері керек. Мақсатымыз – өндіріс орындарын ашу, отандық өнім көлемін ұлғайту, – деді Нұралхан Көшеров. 

Мәжілісте инвесторлар мен кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмай отырған басшыларға тиісті сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату тапсырылды. 

Талқыланған жобалардың бірқатарына тоқталсақ, Сауран ауданында «Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd.» компаниясы мақта өсіру, жіп иіру және тоқыма өндіретін зауытын салу инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. 120 адам жұмыспен қамтылады. Ал Ордабасы ауданында  майлы және желатинді компоненттерді алу үшін ірі қара мал сүйектерін қайта өңдеу зауыты салынады. Түркістан қаласында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің салқындатқыш жабдықтар шығаратын зауытының екінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге еденге арналған жабын материалдарын шығару зауытының құрылысы, бір реттік ыдыс шығаратын зауыттың құрылысы, кептірілген жемістерді өндіретін зауыт пен өзге де жобалардың жай-күйі қаралды. 

Айта кетейік, Түркістан облысына жыл басынан бері 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарланған. Индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парк те кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.