Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұхтар Туғанбаев айтты,- деп хабарлайды turkistan.today
«Бүгінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты ҚР Ішкі Істер Министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, республика көлемінде бір айлық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараға жалпы 447 полиция қызметкерлері, 105 білім саласының мамандары, 41 қоғам белсенділері мен еріктілер қатысуда. Профилактикалық шара - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын алу, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде әлімжеттіктің алдын алу мақсатында анонимді сауалнамалар жүргізілді. Іс-шараның алғашқы бес күндігінде 424 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 415 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды»,- деді спикер.
Спикердің сөзінше, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде ата-анасының бақылауынсыз жүрген 12 кәмелетке толмаған жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылған. Сондай-ақ, биылғы жылдың 3 айында жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 27,8 пайызға төмендеген.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.