Түркістан облысында “Жайлы мектеп” жобасы аясында кезекті мектеп ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 26 желтоқсан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 900 орынға арналған білім ұясы пайдалануға берілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып,  жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ оқушыларға оқуда озат болуын тілеп, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті.

Жайлы мектепте балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектептің физика, химия, биология кабинеттері заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.

Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін  STEM-зертханалары, заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар, спорт зал, шеберлік сыныптары, зертханалар мен демалыс аймақтары, 250 орындық думан залы мен 300 орындық асханасы бар. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Инклюзивті кабинеттер мен пандустар, жеделсатылар орнатылған. Оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына толықтай жауап береді. Бастама аудандағы апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.