Түркістан облысында жайлы мектептердің құрылысы аяқталып келеді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 3 маусым, 2025

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы құны  29 мектептің (22 900 орындық) құрылысы жоспарланған.  2024 жылы 13 мектеп салынса, 2025 жылы 16 мектепті тапсыру көзделген. Осы білім ұяларының құрылысы, білікті ұстаздармен қамту мәселелері облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты тапсырмалар берді,- деп хабарлайды turkistan.today

– Барлық мектеп уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс. Басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын тұрақты бақылаңыздар. Мердігерлер жұмысты жауапкершілікпен атқарсын. Екіншіден, бұл мектептерді білікті басшылармен, педагогтармен қамту да өзекті. Қазірден жүйелеп, жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров. 

Мәжілісте Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Тұрханов пен Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымбекованың есептері тыңдалды. 29 мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелері 100 % тартылған (газ, су, электр, байланыс). 22 мектепте кірме жолдар салынған. Қалған 7 мектепте кірме жолдарына ауыр техникалардың жұмыстары аяқталған соң асфальт төсеу жұмыстары атқарылады. Құрылысы аяқталған 13 мектептің тоғызында оқу процесі басталған. 4 мектепте биылғы қыркүйек айында басталады. 2025 жылы тапсырылуы жоспарланған 16 мектептің 11-інде құрылыс жұмыстары 83%-ға орындалған. 

Қазіргі таңда, 9 жайлы мектепте жалпы  736 педагог жұмыс істеуде. Білім беру ұйымдарына педагогтарды қабылдау туралы қолданыстағы нормаларға сәйкес 23 мектептің директоры тағайындалды. 6 мектеп директоры «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінен алынды. 13 мектеп директоры  конкурстық тәртіппен, 4 мектеп директоры ауысу тәртібімен тағайындалды. 2025 жылы пайдалануға берілетін 16 мектептің 12-сіне директор тағайындалды. 2 мектеп директорының лауазымы конкурс кезеңінде, 2 мектеп директоры ауысу тәртібімен тағайындалады деп күтіліп отыр.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.