Түркістан облысында жаз мезгілінде өрттің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан Бүгін, 13:58

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Биыл жыл басынан Түркістан облысында 161 өрт тіркелді. Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторы мен сауда орталықтарында орын алған. Өрттің себебі - электр құралдарын монтаждау, пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзудан орын алған. Жазғы табиғи өрттің алдын алу мақсатында облыстық орман шаруашылықтарымен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Одан бөлек, орман ресурстарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орман дала өрттерін сөндіру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары бекітілді. Жүйелі жұмыстар аясында мобилді топтармен 161 рейд жүргізіліп, нәтижесінде 151 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 740 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жазғы орман дала өрттерін уақытылы сөндіруді жетілдіру мақсатында Түлкібас ауданындағы «Ақсу Жабағылы» қорығы аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Бүгінде өртті болдырмау мақсатында Департамент тарапынан ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа әдіс ретінде дауыс зорайтқышы бар дрон пайдаланылуда. Бұдан бөлек, туристік агенттіктердің көмегімен 400-ге жуық саяхатшыға өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндірілді»,- деді спикер.

Жасұлан Қуатбекұлының айтуынша, 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала қауіпсіздігі басты мақсатымыз!» атты ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Шара - балалардың өмір қауіпсіздігін қалыптастыруға, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсінуге, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға үйретеді. Бүгінде өрт сөндіру бөлімдерінде Ашық есік күндері мен ашық сабақтар, конкурстар және спорттық эстафеталар, ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар, 400-ге жуық оқушыға ТЖМ заманауи құтқару құралдарын, техникасын, дрондары мен жабдықтарын көрсететін экскурсиялар өтті. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.