Түркістан облысының әкімі Арыс қаласын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 19:31

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарында жергілікті тұрғындармен, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Өрейлі ой, салмақты пікір айтылған кездесуде облыс әкімі қазыналы қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Ел қазыналарының базынасына құлақ асып, әлеуметтік мәселелерді бірге шешуге шақырды,- деп хабарлайды turkistan.today

– Өңірімізді газдандыру, ауыз сумен қамту секілді маңызды мәселелер басты назарда. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, жұмыстар халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады. Халықпен етене жақын қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Ұсыныс-тілектер мен ескертулер әрдайым назарда, - деді облыс әкімі.

Облыс әкіміне «Арыс жылу» МКК қарасты модульдік қазандықтың жұмысы таныстырылды. Аталған қазандық өткен жылы толық жаңартылып, табиғи газға ауыстырылған болатын. Қазандықтардың технологиялық процестері толығымен автоматтандырылған. Бүгінде «Арыс жылу» мекемесі арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіліп отыр.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.