Түркістан облысының әкімі Еуропа елдерінің 20-ға жуық елшісімен кездесті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 12 сәуір, 2025

«Достық үйі» ғимаратында өткен кездесу барысында Түркістан өңірінің инвестициялық, туристік әлеуеті таныстырылып, байланыстарды нығайту, әріптестік орнату жолдары талқыланды. Өңір басшысы мәртебелі меймандарға Түркістанның тарихи және экономикалық рөлі туралы баяндады,- деп хабарлайды turkistan.today

– Сіздерді Түркі дүниесінің рухани ордасы, Қазақ хандығының астанасы болған қасиетті Түркістан қаласында қарсы алғаныма қуаныштымын. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Түркістан – еліміздің тарихи-мәдени орталығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен аймақты дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Батыс пен шығыс арасындағы сауда қатынастары және көптеген тарихи нысандар Түркістанның Орталық Азиядағы инвестициялар мен туризмді тартудың орталығы болу мүмкіндігін ұлғайтады.  Қаланың жүрегі – түркі халықтарының рухани көсемі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 2018 жылы құрылған Түркістан облысы сауда-экономикалық байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтудің үлкен әлеуетіне ие. Халық тығыз орналасқандықтан аймақта жұмыс күші, кадрлар жеткілікті. Біздің облыс бизнеске бағытталған.  Аймақта  210 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері, оның ішінде 160 шетелдік инвестор қатысатын компаниялар жұмыс істейді.  2018 жылдан бастап облысқа 9 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Оның 63 пайызы – жеке инвестициялар. Инвестициялар  өнеркәсіп, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм, және жаңартылатын энергия көздеріне бағытталуда. Қазіргі уақытта өңірдің қоржынында 110-ға жуық инвестициялық жоба бар. 2025-2028 жылдары 19 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Облыста «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және индустриалды аймақтар, өндірістік парк жұмыс істейді. Еуропа кәсіпкерлерімен әріптестік орнатып, жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. 

Кездесуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ елшісі Алешка Симкич елшілер тобының өңірге сапарының мақсатына тоқталды. Еуроодақ елшісі әріптестікті нығайтуға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Түркістан облысының әлеуеті жоғары екенін атап өтті. 

Жүздесу барысында Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич және өзге де елшілер қонақжай Түркістан жұртшылығына, іскерлік байланыс орнатуға ниет білдіріп, мазмұнды кездесу өткізген облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Түркістан облысының бірнеше туристік нысанын аралаған олар аймақтың туристік әлеуеті, бай тарихы мен шежіресіне қызығушылық танытып, бұл саланы дамыту мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті. Сонымен бірге инвестициялық алаңдар, инвесторларға жасалатын мүмкіндіктер туралы сұрақтарын қойып, тиісті мағлұматтар алды. 

Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов пен «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Өмірзақ Юсупов аймақтың туристік, инвеститциялық мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндап берді. 

Еуропаның Ұлыбритания, Польша, Хорватия, Австрия, Болгария, Кипр, Эстония, Германия, Грекия, Венгрия, Швейцария, Латвия, Словакия және өзге де елдерінен келген елшілер мен дипломатия саласының өкілдеріне Түркістан облысы туралы мағлұмат беріліп, әріптестік орнату жолдары пысықталды. 

Кездесуден кейін еуропалық елшілері Түркістан маңындағы шағын өндірістік парк пен идустриалды алаңдарды аралап, мүмкіндіктерімен танысты. 

Айта кетейік, елшілер Түркістан облысындағы тарихи және туристік орындарды аралады. Осы сапар барысында меймандарға Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен жаңарған Түркістан шаһары да таныстырылмақ.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.