Түркістан облысының әкімі Франция елшісімен кездесті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 17 наурыз, 2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Облыс әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

– Облысымызда индустриалды аймақтар мен өндірістік парк бар. Жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Француз кәсіпкерлерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, – деді Нұралхан Көшеров. 
 
Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, табиғи ресурстары, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы мүмкіндіктері де сөз болды. Әкім аймақтың агроөнеркәсіп кешені мен өндіріс саласында француз инвесторлары үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

Франция елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Түркістан облысының инвестициялық және экономикалық әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ француз компанияларының өңірде өз жобаларын жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру бағытында тығыз жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Іссапар барысында Франция елшісі бастаған топ Түркістан облысындағы шағын өндірістік паркке барып, инвесторларға ұсынылған мүмкіндіктермен танысты. Ғимараттарды аралап, тиімді ұсыныстар бойынша мәлімет алды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.