Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданына іссапармен барып, бірқатар нысанды аралады. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, мердігерлермен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кентінде 1500 орынға лайықталған жайлы мектеп бой көтеруде.
Мектеп құрылысымен танысқан Нұралхан Көшеров мердігерлерге сын-ескертпелер айтып, нақты міндеттер жүктеді.
– Құрылысты жүргізуге барлық мүмкіндік беріліп, жағдай жасалды. Бірақ әлі де кемшіліктер бар. Аудан әкімі, білім саласына жауапты басшылар күндіз-түні бақылап, қадағалауы керек. Өйткені бұл – Президентіміздің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан аса маңызды жоба. Жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.
Білім ордасының құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен 2023 жылдың мамыр айында басталған. Мердігер мекеме – «Bazis Construction» ЖШС. 4,058 гектар аумақта орналасқан мектеп ғимаратының жалпы ауданы – 14 710 шаршы метр. Мұнда 105 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрылым, жол салу, интернетке қосу жұмыстары толығымен аяқталған. Нысанды биыл пайдалануға беру көзделуде.
Жалпы ауданда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектеп салу жоспарланған. 2023 жылы 2 мектептің құрылысы басталды. Одан бөлек, биыл Облыстық білім басқармасы тарапынан мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы 3 мектептің құрылысын жүзеге асыру жоспарлануда.
Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысына Мақтарал ауылдық округі аумағында орналасқан К-20 каналының жағдайы таныстырылды.
1924 жылы салынған каналдың ұзындығы – 27,18 шақырым. Су өткізу қабілеті – 10,0 м3/сек. Суғармалы жер көлемі 10 832 гектарды қамтиды. Каналдың 5 шақырымы бетондалмаған. Сондықтан бетондау жұмыстарын, сондай-ақ негізгі бөлігінің тозығы жетуіне байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.