Түркістан облысында тұрғындарды толғандырған жолаушылар тасымалына қатысты мәселелер оң шешімін тауып келеді. Ордабасы ауданы көлемінде 11 әлеуметтік маңызы бар бағыттар жергілікті бюджеттен субсидияланып, қоғамдық көліктермен қамтамасыз етілген болатын. Әйтсе де, жолаушыларға қызмет көрсетуші мердігер мекеменің көліктерінің ескілігінен мәселе туындап, аудан әкімі Азат Оралбаев көліктердің сапасыздығын сынға алып, сала жауаптыларына кемшіліктерді ретке келтіруді тапсырған,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы мақсатта аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен жолаушылар тасымалдаушы мердігер мекеме «SARavto» ЖШС тиісті нәтиже көрсетіп, аудан көлеміндегі 13 қоғамдық көлікті жаңартуға қол жеткізді.
Бүгін аудан басшысы арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы лизингке алынған, аталған су жаңа отандық қоғамдық автокөліктердің 6 данасын салтанатты рәсіммен халық игілігіне пайдалануға табыс етті.
Арнайы рәсімде аудан басшысы халыққа сапалы қызмет көрсету бағытындағы тапсырманы нәтижелі орындаған тиісті сала мен мердігер мекеме қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық тасымал бағытындағы тұрғындар игілігі үшін атқарылатын шаруалар толастамай жалғасын тауып, барлық бағыттардағы аялдамалар да жаңартылатынын жеткізді.
Айта кетейік, аудан орталығы Темірлан елді мекенінде 4 және халық көп шоғырланған Шұбарсу ауылында 2 қоғамдық автокөлік бүгіннен бастап жолаушыларды тасымалдайды. Қалған 7 автокөлік жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, қосымша қондырғылармен жабдықталып, мамыр айының соңына дейін жеткізіледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.