Түркістан: Отырарда 150 орындық мәдениет үйі ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 23 қаңтар, 2025

Түркістан облысында 264 мәдениет үйі мен клуб қызмет көрсетеді. Мәдениет саласындағы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы тапсырмаға сәйкес, өңірде мәдени ошақтар бой көтеріп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы ретте Отырар ауданында орналасқан М. Шойманов атындағы 150 орындық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жаңа мәдени ошақтың ашылуына қатысып, ауыл тұрғындарын заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады. 

- Отырарды білмейтін қазақ жоқ. Осындай қасиетті топырақтан болашақта әлемге танымал өнерпаздар шыға берсін. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы аясында ауданда мектеп салынды. Өндіріс дамып жатыр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында  әлеуметтік нысандар құрылысы ел игілі үшін жүзеге асуда. Инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалмайды, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров. 

Өнерге қанат қаққан ауыл жастарының талабын шыңдап, түрлі мерекеде халыққа рухани азық сыйлау мақсатында жаңадан бой көтерген мәдениет ошағының жалпы алаңы – 76 гектар. Мұнда білікті мәдениет өкілдері еңбек етеді.

Заманауи үлгіде салынған рухани ордада кітапхана, үлкен зал және би залы орналасқан. Хореография, домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыру және жуыну бөлмелер бар. Қызметкерлерге арналған кабинеттер барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалған. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.