Түркістан: Президент кеңесшісі білім саласының қызметкерлерімен кездесті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 8 сәуір, 2025

Көкше төрінде  өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының қабылдануы білім беру мен ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесінің бастамасы екеніне ерекше тоқталып, атауын «Адал азамат» атауына ауыстыруға толық келісетінін баяндады. Бұл бағдарламаның даму стратегиясының нақты айқындауға және болашақ ұрпақтың нақты күтілетін бейнесін анықтауға негіз болары анық,- деп хабарлайды turkistan.today

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан мәлімдесінде білім саласы назардан тыс қалмады. Оның қатарында отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу бар. Осы мақсатта ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысының білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев  жүргізіп отырды.

Ұлттық құрылтай аясында елімізде іске асырылатын жоспарлар сөз болды, сондай-ақ білім саласындағы тәрбие, жұмысшы мамандықтарды даярлауға қатысты бірқатар мәселелер айтылды. Біртұтас тәрбие бағдарламасын арқылы жаңарған нұсқада қабылдап, алдағы уақытта жекеменшік мектептердің де басшылыққа алу керектігін алға тартты.

Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіптік және техникалық білім беру саласын жаңғыртуға баса назар аударды. Бұл бастамамен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Ең әуелі қоғамда жұмысшы мамандығына деген көзқарас өзгерсе, жастардың да осы салаға қызығушылығы арта түспек. Колледжде оқып жүріп, шетелдегі байқауда топ жарып, халықаралық сарапшы атанып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған студенттеріміз баршылық. Олардың қатарында оқуды аяқтай сала, жұмысқа орналасып, жоғары жалақы алып жүргендер бар. Өйткені бұл мамандықтарға әрдайым сұраныс артуда.

Бүгінгі жиын барысында жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы №8 колледж директоры Нұрсұлу Абдешқызы баяндамасында таныстырды. «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының» директоры Дәне Мұрат тәрбие саласына бағытталған “Адалдық - мектептегі тәрбиенің біртұтас миссиясы” жобасы аясында балаларға адал әрі табанды еңбек етуге жол сілтейтін бастамасын айтты.

Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс деген болатын. Президенттің тапсырмасын орындау барысында  нарық сұранысына сәйкес, өңірде жаңа  мамандықтар ашылып, колледждер лицензия алу үстінде. Ол үшін колледждердің материалдық техникалық базасын нығайтып, өндірістен мамандар тартылуда. Сондай-ақ,  Облыста 50 колледж жұмыс жасайды, онда 75 мамандықта 45 530 студент білім алуда. Өңірде жұмысшы мамандықтар даярлайтын 30 колледжде 16 100 студент білім алады. 2024-2025 жылдарда мемлекеттік тапсырысқа 15 525 орын бөлінді. Ал, жаңа 2025-2026 жылда еңбек нарығының сұранысына қарай 15 500 мемлекеттік тапсырысқа орын бөлу жоспарланған, оның ішінде 9 500-і жұмысшы мамандықтар (былтырғы жылмен салыстырғанда жұмысшы мамандықтарға 1000 орын артық).

Мемлекет басшысының қолдауымен ерекше мәртебеге ие болған Түркістан халқы үшін айтулы жаңалық болды. Сондай-ақ, Республикадағы әрбір 7-ші оқушының «Ер түріктің бесігі атанған» - Түркістан өңірінен екенін білесіз. Бұл Республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Міне, өңірдегі өскелең ұрпаққа беріп жатқан білім мен тәрбиенің сапасын арттыруда үлес қосып жатқан білім беру саласының қызметкерлерінің үлесі орасан үлкен және біз осы педагог қызметкерлерімізбен мақтана аламыз! Білім саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру мақсатында ғылым мен білімге, тәрбиеге үлкен мән беріліп отыр.Білім сапасы мен мазмұны бойынша нақты жұмыстар қолға алынып отыр. Бұл өз кезегінде облыстың білім сапасының едәуір жоғарылауына оң ықпал етеді деп күтіледі.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.