Түркістан: Сарыағаш ауданына жаңа техникалар алынып, коммуналдық қызметтердің тиімділігі артты

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 27 желтоқсан, 2024

Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында коммуналдық салаға тиісті қолдау күшейтілді. Осыған орай Сарыағаш ауданына қажетті жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету саласында маңызды өзгерістер болды,- деп хабарлайды turkistan.today

Жаңа техникаларды аудан әкімі Арман Абдуллаев табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен аудан  тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңашылдықтардың маңыздылығына тоқталды.

– Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бүгінде алынған техникалар тұжырымдама аясында аудан тазалығын жақсарту инфрақұрылым бағытындағы жұмыстарды атқаруда септігін тигізері сөзсіз, – деді Арман Абдуллаев.

 «Таза қала» коммуналдық кәсіпорнының балансына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, тракторлар, қоқыс тасығыш сияқты жаңа үлгідегі техникалар, автомұнара (автовышка), тиегіш экскаватор алынды. Бұл техникалар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға және аудан инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Аудан әкімінің қаулысы негізінде 2024 жылдың мамыр айында Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының жанынан «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Мекеме қала аумағында күнделікті тазалық жұмыстарын тұрақты түрде атқарып келеді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.