Түркістан: Сауранда тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 13:46

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев және «Amanat» партиясының аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерімен бірге тыл ардагерлері Раймов Шараф пен ғасыр жасаған ақ жаулықты ана, тыл еңбеккері Калтаева Күлшаның шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді,- деп хабарлайды turkistan.today

Қос ардагерге гүл шоқтары мен мерекелік сый-сияпаттар табысталып, шынайы алғыс пен зор құрмет көрсетілді.  

Аудан басшысы ел үшін ерен еңбек еткен ардагерлерге ризашылығын білдіріп, олардың өмір жолы – елге үлгі, ұрпаққа өнеге екенін атап өтті.

Ардагерлер де ізгі тілектер мен ыстық ықыласқа алғыстарын білдіріп, ел амандығын, ұрпақ тыныштығын тіледі.

Мұндай кездесулер – бір күндік емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын өнегелі дәстүр. Ардагерлерге құрмет көрсету – бұл тек тарихқа тағзым емес, елдіктің, руханияттың, ұлттық бірліктің белгісі. Сауран ауданында өткен бұл тағылымды шара – кейінгі ұрпақтың аға буын алдындағы алғысы мен аманатына адалдығының жарқын көрінісі.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.