Түркістан: Сауранда жаңа саябақ ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 маусым, 2025

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті. Аталған игі жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Жобаның тапсырыс берушісі – Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі,- деп хабарлайды turkistan.today

Салтанатты шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, саябақтың ресми ашылуын жасады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жаңа нысанмен танысты.

Жалпы аумағы 2,14 гектарды құрайтын жаңа саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, үлкен ойын алаңы түрлі жастағы балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз құрылғылармен қамтылған. Алаңға жұмсақ жабын төселіп, қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді.

Сонымен қатар саябақ аумағы көгалдандырылып, 2113 шаршы метр жасыл белдеу қалыптастырылды. Демалуға арналған көлеңкелі аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, орындықтар орнатылған. Табиғи атмосфераны жандандыру мақсатында саябаққа 12 түрлі ағаш, 88 түп шырша, 25 түп писсарди, 20 түп шынар, 30 түп раушан гүлі және 40 түп магония көшеті отырғызылды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.