Түркістан: Сайрамдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі пысықталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 ақпан, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы бағытта Түркістан облысының Сайрам ауданында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлініп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында 2023 жылы іске қосылған  «OZGE» спорт кешеніне арнайы барды. Аталған нысан жеке кәсіпкер  тарапынан салынып, 450 млн. теңге инвестиция тартқан. Спорт кешенінде күрес, волейбол, баскетбол, кіші футбол, гимнастика, жүзу, бокс және үстел теннисі сияқты спорт түріне баулуға барлық жағдай жасалған. Қажетті спорттық құралдармен толық жабдықталған. 351 адам аталған спорт түрлерімен айналысады.

Манкент ауылдық округінде жаңа типтік үлгідегі үш тілде оқытылатын 1200 орындық Әл-Фараби жалпы орта жекеменшік мектебі орналасқан. Жекеменшік мектеп 2022 жылы жеке кәсіпкер Низамхан Сулайманов тарапынан салынған.  Қазіргі таңда білім ордасында қазақ, орыс және өзбек тілдерінде білім береді. Аталған білім нысанына табан тіреген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мектеп басшылығы және ұстаздармен кездесті. 

Сонымен қатар Ақсу ауылындағы «Рахмет» медиа-студиясына барып, жұмысымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары медиа-студияны жаңа деңгейге көтеру, рухани-мәдени бағытта жаңа жобалар әзірлеу керектігін жеткізді. 

Одан соң, аудандағы діни саланың жағдайын талқылау мақсатында «Дәулет баба» мешітінде дін саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында діни қызметкерлер өзекті сауалдарын қойды және аудан аумағындағы діни жұмыстар жөнінде пікір алмасты.

Облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан білім ұясында болды. Жауаптылармен және мердігермен кездескен Ертай Алтаев маңызды құрылыстың сапалы жүргізілуі облыс әкімінің қатаң бақылауында екендігін айтып, жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. 600 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталған. Білім ошағы осы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп  жоспарланып отыр. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.