Түркістан: Сайрамда жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 18 наурыз, 2025

Сайрам ауданы көлемінде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату бойынша құрылған жұмысшы топ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүргізілген рейд барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған бірқатар фактілер анықталды,- деп хабарлайды turkistan.today

Аудан әкімдігінің заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатындағы жұмысшы топ құрамының мүшелері Манкент, Қарамұрт ауылдық округі аумағында рейдтік іс-шарасын жүргізіп, облыстық маңызы бар жолда 5 (Howo) ауыр жүк көлігінде белгіленген мөлшерден артық салмақ арту деректері анықталды. Жүк тасу көліктеріне заңды шешім қабылданғанға дейін ақылы айыптұраққа қойылды және әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінгі таңда аталған жұмыстар жалғасын табуда.

Айта кетсек, жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында, жұмысшы топ мүшелері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Аудан әкімі Арман Сабитов бұл шараны қатаң бақылауға алған. Алдағы уақытта Сайрам ауданы аумағында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады. Бұл өз кезегінде автомобиль жолдарының ерте тозбай, ұзақ сақталуына және заңсыз жер қойнауын пайдалануды алдын алмақ. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.