Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған кезекті жайлы мектеп Шардара ауданында пайдалануға беріледі. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданға іссапары аясында білім беру саласының басшылығы мен мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа білім ұясына қойылар талап пен тәртіп туралы айтты,- деп хабарлайды turkistan.today
– Президентіміздің тапсырмасымен ауыл мен қалада бірыңғай стандартпен заманауи жайлы мектептер салынып жатыр. Мемлекет тарапынан балаларымыздың сапалы білім алуына жағдай жасала береді. Басты қағида – тәртіп пен талап. Білім деңгейін көтеру, ұстаздардың біліктілігін арттыру. Біздің балаларымыз үшін бұл мектеп білім шыңын бағындырар мекен болсын,– деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында білім саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл өңірде 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында соғылуда. Нәтижесінде, мектептегі орын тапшылығы мен 4 апатты, 3 үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі.
Білім ордасының құрылысын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысымен «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізді. Шардара қаласындағы 4,2 гектар аумақта орналасқан мектептің құрылысы 2023 жылдың маусым айында басталған. Білім ұясының инженерлік- инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы облыстық бюджет есебінен жүргізілді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан қаласында 2 мың орындық екі жайлы мектеп, Сауран ауданында 600 орындық бір жайлы мектеп, пайдалануға берілген болатын.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.