Түркістан облысындағы аудандар мен ауылдардағы мәдениет, білім, спорт нысындары зерделеніп, жөндеу бойынша жұмыс атқарылады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстарын қажет ететін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мәселені шешу жолдарын саралады,- деп хабарлайды turkistan.today
Алдымен Зағамбар елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен танысты.
Мектеп 2000 жылдың басында тұрғындардың асарлатып, күш біріктіруімен бой көтерген. 2018 жылы қосымша ғимарат соғылған. Білім ошағында физика, химия, биология, мультимедия, робототехника STEAM кабинеттері, асхана, спорт залы бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау камераларымен қамтылған.
Облыс әкімінің орынбасары мектепті аралау барысында білім ошағының жай-күйіне баса мән беріп, ұстаздармен тілдесті. Мектепте ақпараттық көрнекіліктерді жаңартып, оқушылардың араласып білім алуы қажеттігін айтып, ұстаздарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өз қызметтерін адал атқаруды тапсырды. Жауаптыларға оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты.
Қазіргі таңда білім ошағының оқу корпусына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажеттігі жөнінде облыстық білім басқармасына ұсыныс берілген. Қаржы бөлініп, құрылыс жүргізілсе, мектептің жиhаздары мен компьютерлерін жаңарту жоспарлануда.
Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің жұмысшы мамандықтарының оқу базасына барып, студент жастармен кездесті. Кездесу барысында студенттерге заман талабына сай өз ісінің кәсіби маманы болуы үшін білім алып, үнемі ізденісте жүріп, уақыт ағымына бейім болу қажеттігін айтты. Пікір алмасты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.