Түркістан: Түлкібаста мектеп қабырғасында ҰОС аодагерінің музейі ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан Бүгін, 13:31

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай, аудан әкімі Асқар Естібаев, ауданның зиялы қауым өкілдері, Қасымбековтар әулеті және Астана, Алматы қаласынан келген қонақтар қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today 

Жиынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы, қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Қамзабекұлы сөз сөйлеп, Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де Ұлы Жеңістің жемісі екенін айтып, бүгінгі шараның маңыздылығын қамтып өтті. Содан соң мінберге Қасымбеков Нұрлыбай атаның баласы, ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Нұрлыбайұлы көтеріліп, әкесінің өмір жолынан ой бөлісіп, арнайы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Мәртебелі азаматтар музейдің лентасын қиып, келген қонақтар даңқты майдангердің өмір жолынан жинақталған жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар игі шара барысында келген қонақтар ауыл ішіндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішін көріп, батырлар рухына құран бағыштады. Сондай-ақ білім ордасының тынысымен танысып, мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан аумағындағы 60 мектептің 10-ында музей жұмыс істеп тұр.

Салтанатты шара  «Ғибратты ғұмыр» музейінің ашылуынан  соң Ұлы Отан Соғысының ардагері Нұрлыбай  Қасымбековті еске алуға арналған дәстүрлі турнирімен жалғасын тапты. Аудандық орталық стадионда Қасымбеков Нұрлыбай Тұңғышбайұлына арналған футболдан 25-ші, шахматтан 12-ші аудандық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Нұрлыбай Қасымбековтың өнегелі өмір жолына құрмет ретінде ұрпақтары мен туыстары жыл сайын мамыр айында турнир ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. 

Футбол спорттық турниріне ауылдық округтерден арнайы іріктеуден өткен 8 команда, аудандық ардагерлер командасы мен Қасымбековтер әулетінің командасын қосқанда жалпы 10 команда бақ сынасуда. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.