Түркістан қаласында Конституциялық реформаны қолдау мақсатында қоғамдық маңызы бар көркем жоба іске асырылды,– деп хабарлайды turkistan.today
Қаланың туристік аймақтарының бірі – «Керуен сарай» кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне арнайы тематикалық мурал салынды.
Жоба кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып, азаматтық қоғам өкілдерінің елдегі саяси реформаларды қолдауға бағытталған белсенді ұстанымын көрсетті.

Муралда Конституциялық реформаның негізгі қағидаттары – заң үстемдігі, әділетті қоғам құру, азаматтық жауапкершілік пен халық бірлігінің маңызы көркемдік тәсілдер арқылы бейнеленген.
Іс-шара аясында жастардың қатысуымен патриоттық бағыттағы акция ұйымдастырылып, реформаның мәні мен маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.