Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында тарихи мұра маңайы тазартылды

Түркістан 22 сәуір, 2025

Түркістандық жастар «Таза Қазақстан» аясында тарихи-мәдени және киелі нысандар аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Киелі жерлердің тазалығын сақтау, тарихи-мәдени мұраларға деген құрметті арттыру, сондай-ақ жастардың экологиялық сана-сезімін нығайту мақсатында 300-ден астам белсенді жас, еріктілер, музей қызметкерлері және қала тұрғындары тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты,- деп хабарлайды turkistan.today

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Нәтижесінде 2 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында 50-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.
Бұл бастама тарихи орындардың сақталуына, өңірдің экологиялық жағдайының жақсаруына және тұрғындар арасында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген бұл сенбілік алдағы уақытта Түркістан облысының өзге де тарихи-мәдени орындарында жалғасын табатын болады.
Атап өтейік,  кеше «Таза Қазақстан» экофестивалі өтті. Аталған шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керектігін атап өткен болатын.

Президент бастамасын қолдаған Түркістан облысында былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы кеңінен жүргізілуде. Экологиялық акция аясында облыста былтыр бастау алған "Үлгілі ауыл" байқауы биыл да жалғасын тапты. 
Биыл байқау ережесін өзгеріс енгізіліп, аудан орталығы болып табылатын ауылдар қатыстырылмайды.

Сонымен қатар, биылдан бастап «Жомарт түлек» тұжырымдамасы аясында тұрғындардың, ауыл тумаларының туған жерін, білім алған оқу орнын абаттандыру, эстетикалық көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау қолға алынды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.