Түркістан: Қуаты 1000 мвт болатын бу-газ қондырғысының құрылыс барысы талқыланды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 5 маусым, 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шара жоспары бойынша бекітілген жарлығына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгінде Сайрам ауданында құрылысы жүріп жатыр. Аталған стратегиялық нысанның құрылысы қалай жүруде? Қандай мәселелер бар? Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы сұрақтарға қатысты жиын өткізіп, жауапты басшылар мен тұлғалардың есебін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 

– Бұл – аса маңызды жоба. Уақтылы әрі сапалы атқарылуы тиіс. Жұмысшылар санын көбейтіп, жобаны жандандыру қажет. Облыс әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров. 

«Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығының хабарлауынша, инфрақұрылым тарту, газ, электр жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қажетті жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу шаралары да қатар атқарылуда. Акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ. Бүгінде бетондау жұмыстары 64% орындалды. Металл конструкцияларды монтаждау бойынша жұмыстар 9,2 пайызға атқарылған. Қажетті құрал-жабдықтары мен металл конструкциялары жеткізілуде. 

Жиында өзге де мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.