Түркістан: Жәрмеңкеде картоп арзан бағада сатылды

Түркістан 21 қаңтар, 2025

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан жәрмеңкелер бағаны тұрақтандыруға тікелей ықпал жасауда,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан қаласында апта сайын азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Кезекті жәрмеңке «Turan Mall» ойын-сауық орталығының алаңында ұйымдастырылды. Келген халықтың қарасы қалың болды. Тұрғындар мүмкіндіктен қалыс қалмай, күнделікті тұрмысқа қажет өнімдерді тиімді бағада алғандары үшін ризашылығын білдірді.

Жәрмеңкеде жалпы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар төмен бағада ұсынылды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіз – 100 теңгеден, қырыққабат – 55 теңгеден, пияз – 77 теңгеден, нан бөлкесі – 70 теңгеден, жұмыртқа данасы – 40 теңгеден сатылды. Бұдан бөлек, аз тұзы – 45 теңгеге қолжетімді болса, І сұрыпты бидай ұны – 190 теңге, қарақұмық жармасы – 220 теңге, сүт – 260 теңге, күнбағыс майы – 520 теңгеден саудаланды. 

Аталған корпорацияның өкілі Лаура Жанасбаеваның айтуынша, қазіргі таңда ішкі нарықта картоп бағасының қымбаттауы өзекті мәселе болып тұр. Дегенмен Түркістан өңірінің азық-түлік тұрақтандыру қорында көкөністер де, бакалеялық өнімдер де жеткілікті. Бағасы шарықтап тұрған картоп 3 есе арзан бағада халыққа ұсынылып жатыр. Сөрелерді бос қалдырмау мақсатында қордағы өнімдер базарлар, ірі сауда орындары, әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарға тұрақты түрде жеткізіліп, арнайы бекітілген бағада сатылуда.

Айта кетейік, бұл бір реттік шара емес. Алдағы уақытта да жалғасады. Тұрақтандыру қорының тауарлары базарларға шығарылса, көшпелі жәрмеңкелер апта сайын өткізілуде.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.