Түркістан қаласындағы Керуен сарай кешені маңындағы тұрғын үй қабырғасына Конституциялық реформаны қолдауға арналған ауқымды мурал салынды. Жоба – елдегі саяси өзгерістерді қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалардың бірі.
Түркістанда жүзеге асқан бұл көркем жоба Конституциялық реформаның мәнін заманауи өнер тілімен жеткізуді мақсат етеді. Қаланың көрнекті орындарының бірі – Керуен сарай кешені аумағындағы ғимараттың қасбетінде бейнеленген муралда заң үстемдігі, халық бірлігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары көрініс тапқан.
Сурет арқылы авторлар елдегі саяси жаңғыру үдерістерін, әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдарды бейнелеуге тырысқан. Композиция мазмұны Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі мен халық еркінің маңызын айшықтайды.
Муралдың ашылу рәсімінде қала жастары белсенділік танытып, арнайы флешмоб ұйымдастырды. Сонымен қатар, қатысушылар реформаны қолдайтындарын білдіріп, көк жүзге символикалық әуе шарларын ұшырды. Бұл әрекет ел болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің белгісі ретінде бағаланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, мұндай бастамалар өңірде қоғамдық диалогты дамытуға және азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етпек.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.