Түркістан: Жазғы сауықтыру лагерьлеріне мониторинг жүргізілуде

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 12 сәуір, 2025

Түркістан өңіріндегі 32 жазғы сауықтыру лагері жаңа демалыс маусымына дайындалып жатыр. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і – жекеменшік. Қосымша 3 мемлекеттік лагерьдің іске қосылуына байланысты 6580 орын жасақталды,- деп хабарлайды turkistan.today

Биыл жалпы 40 мыңнан астам оқушы арнайы демалыс аймақтарында тынығады. Көбіне көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылады. Бұл жұмыстардың басым бөлігі мемлекеттік лагерьлері арқылы жүргізіледі. Сондықтан облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмысты жоғары деңгейде орындауды тапсырған болатын. 

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Балауса» лагерінің жай-күйімен танысты. Нысанды аралап, жаңа маусымға дайындығын бақылады. Әуелі оқушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды және лагерь аумағын абаттандыруды міндеттеді. Сондай-ақ білім саласы қызметкерлерімен бірге «Таза Қазақстан» іс-шарасына атсалысты. Экологиялық бағдарлама барлық лагерьде өткізілді. 

Жиынға облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев,  Түркістан «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК директоры Бекарыс Шойбеков қатысып, өзгерістерді баяндады. Құшата ауылында орналасқан нысан бұған дейін қалалық білім бөліміне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК-на қарасты болса, енді Түркістан қалалық қолөнер мектебінің меншігіне өтпек. Бүгінгі сенбілікке аталған мекемелердің де мамандары игілікті іске үлес қосты. 

Бейсенбай Дәулетұлы жауапты тұлғаларға мониторингті тоқтатпай жалғастыруды ескертті. Қазіргі таңда 30-дан астам лагерьге түгел зерделеу жүргізілді. Ғимараттардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін қозғап, жауапкершілікпен атқаруға шақырды. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.