Түркістан: Жеке қабылдауда мәдениет және спорт саласы бойынша мәселелер көтерілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 сәуір, 2025

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеке қабылдау кестесіне сәйкес өңір тұрғындарын өтініштері бойынша қабылдады. Онда бірқатар аудан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойды. Облыс әкімінің орынбасары мәселесін айтып келген тұрғындарға нақты жауап беріп, жауапты басқарма өкілдерінің қатысуымен талқылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Жеке қабылдауда көтерілген талап-тілектердің басым бөлігі мәдениет пен спорт саласына қатысты болды. Атап айтсақ, театр ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, спорт кешенін салу, сондай-ақ спорт кешені бойынша жекешелік-әріптестік шартын ұзарту  және тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. 

Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Ертай Кенжебекұлы заңға сәйкес зерделеніп, тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.