Түркістан: Жер телімінде заңсыз ор қазған азаматтардың жерлері мемлекет меншігіне қайтарылады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 7 ақпан, 2025

Түркістан облысында 2023-2024 жылдар аралығында жер телімінде заңсыз ор қазған 17 азаматқа 1 651 875 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 1 614 955 теңгесі өндірілді. Одан бөлек, 36 920 теңге мәжбүрлі түрде өндіру мақсатында сот орындаушыларға жіберілді. Сондай-ақ, заңбұзушылықты жою жөніндегі 17 нұсқама табысталды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Сапарбеков мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Айта кету керек, шаруалар өз жерлеріне мал-жануарлар кірмеуі үшін жер заңнамасының талабын бұзып, белгіленген жер телімдерін айналдыра қазып тастайды. Қазіргі таңда осындай заңсыздыққа жол берген 6 азаматтың ісі сотта қаралуда. 2024 жылы 3 000 гектар жер заңсыз қазылған. Бұл жағдай облысымыздың 32 аймағында орын алып отыр. Облыс азаматтарына ескертетін жайт - заң жүзінде берілген жер телімін заңсыз пайдаланған адамдардың жерлері толықтай мемлекет меншігіне қайтарылады» - деді сала басшысы

Сондай-ақ «Tasbaqa» табиғатты қорғау қорының өкілі Ғани Назарбек заңсыз траншеялардың табиғатқа тигізер кері әсерлері туралы баяндады.

«Жалпы заңсыз траншеяларды қазу мәселесі облысымызда 2019 жылы басталған болатын. Көктем мезгілі басталуымен бүкіл аймақта табиғат оянатыны белгілі. Жеке тәжірибемде көптеген төрт түліктің қазылған орларға құлап мерт болғанын көрдім. Қазіргі таңда жер иелеріне өзіне тиесілі аумақты қазу арқылы емес, темір сымдармен қоршау арқылы қорғану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде» - деді табиғат жанашыры.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.