Түркістан: Жетісайда ауғанның асуында от кешкендерге құрмет көрсетілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 14 ақпан, 2025

Кешегі бағыт-бағдары белгісіз, бақандай он жылға созылған Ауған соғысының қасіреті қазақстандықтарды да айналып өткен жоқ. Бір ғана Мырзашөл топырағынан интернационалдық борышын өтеуге 253 жауынгер аттанып, оның 18-і жат жерде мерт болды. Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері әрдайым келер ұрпаққа  ұран болып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық саябақтан бастау алған іс-шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерінің құрметіне қойылған әскери ауыр техника алдына гүл шоқтарын қойып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды. Боздақтардың рухына бағышталып құран бағышталып, бейбітшілік пен тәуелсіздіктің мәңгі болуын тілеп, бата жасасты.

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Тұрышбек Елшібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов тәуелсіздік жолында сан ғасырлардан бері жаумен арпалысып, бүгінгі бейбіт заманды орнатып берген ата-бабамыз бен кешегі Ауған соғысында отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсете білген боздақтардың теңдесі жоқ ерліктерінің керемет үлгілерін жас буынға дәріптеп, майдангерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Ал аудан өнерпаздары өз кезегінде кеш қонақтарына патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.