Наурыз мерекесінің қарсаңында Жетісай ауданында 62 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today
Жеке инвесторлар есебінен салынып, қолданысқа берілген 54 пәтерлі 2 тұрғын үй Асықата кентінен бой көтерсе, 8 пәтерлі 4 тұрғын үй Қазыбек би ауылдық округінің Ә.Оспанов елді мекенінде салынған. 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің жалпы аумағы 60 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, қажетті инфрақұрылыммен толық қамтылған.
Аталмыш пәтерлер арнайы жұмыс істейтін комиссия шешімімен тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді.
Айта кетсек, алдағы уақытта ауданда сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тағы 28 үйді тапсыру көзделіп отыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.