Жетісай ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы тазалықты жанына серік еткен аудан тұрғындарының санитарлық тазалықты сақтау, өздері өмір сүріп отырған аймақтарды көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды turkistan.today
Тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, тұрғындар бір кісідей атсалысуда. Әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді, саябақтар мен скверлерді, қала, кент, елді мекендердің кіреберіс аймақтары мен әлеуметтік нысандардың айналасын қоқыс қалдықтарынан тазартып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Халқымыздың «Балаға тәрбие беруден бұрын өзіңді тәрбиеле. Өйткені, перзент саған қарап өседі, бой түзейді» деген дана сөзін ескерер болсақ, әрбір ата-ана ұл-қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез-келген адам тазалықты өз бойынан көрініс табатындай етсе, өзін және ортасын таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын үлгі ете алатыны сөзсіз.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.