Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 мамыр, 2025

«Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «PsyTalks: Заманауи психологиялық қызметтің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық конференция өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Лекция мен практика форматында өткен алғашқы психологтар конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мен  мыңға жуық педагог-психолог қатысты.

Конференция барысында барлық қатысушылар жасанды интеллект көмегімен  WEGLOBAL.AI платформасында ересектерге арналған мазасыздық, депрессия және стресс деңгейлерін анықтайтын DASS21 психологиялық тестдрайвтан өтті. Тестті 10 минут ішінде 581 адам тапсырып, сол мезгілде нәтиже сараптамасы қатысушыларға  экран арқылы көрсетілді. Оның ішінде қатысушылардың қай ауданнан келгені, жынысы, көңіл-күйі, алған әсеріне сараптама жасалды. 

Жиында балалардың зорлық-зомбылыққа, буллингке және кибербуллингке ұшыраған немесе оның куәгері болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтап, оларға тиісті көмек көрсету жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы айтылды. Бүгінгі басқосу – кәсіби психологтармен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге, ортақ мәселелерге бірге жауап іздеуге үлкен мүмкіндік.
 
«Қазіргі таңда мектеп психологының рөлі бұрынғыдан да артып отыр. Оқушылардың психикалық саулығы, олардың оқуға, өмірге деген ынтасы, сынып ішіндегі қарым-қатынас, ата-анамен байланыс – осының бәрінде сіздердің кәсіби қолдауларыңыз қажет. Облыстық психологиялық қолдау орталығы – балаларға арналған психологиялық қолдау шараларын тиімді жүзеге асырып, олардың әлеуметтік жағдайларымен жеке мәселелеріне қатысты кешенді жұмысты жүргізуде. Орталықтың ашылуы өңірдегі балалардың психо-эмоционалдық жағдайын жақсартуға  оң әсерін тигізуде. Бүгінгі кездесуде тың ойлар мен тәжірибелермен бөлісіп, бір-бірлеріңізге демеу болып, жаңа серпінмен жұмыла жұмыс істейсіздер деген сенімдемін», деді Бейсенбай Дәулетұлы.
 
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп психологтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бірыңғай кәсіби алаң қалыптастыру. Конференция жұмысына психология саласының отандық сарапшылары қатысып, қазіргі білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметтің өзекті мәселелері мен болашағы туралы баяндамалар жасады. 
 
Келелі кездесуде қатысушылар тәжірибелік тренингтер арқылы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Қолдасованың айтуынша, балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған бірыңғай жүйелі қызметті қалыптастыру педагогтардың күн тәртібіндегі негізгі мәселесі. 

Конференция – өңірдегі білім беру мекемелерінде қызмет ететін психолог мамандардың кәсіби дамуына, мектеп оқушыларына көрсетілетін психологиялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.