Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 23 сәуір, 2025

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз жалғасын табуда,- деп хабарлайды turkistan.today

Мерекелік бағдарламаның бірегей бөлігі – «Жаппай кітап оқу» флешмобы. Бұл ерекше форматтағы шараға 500-ден астам оқырман қамтылды. Ұйымдастырылған ауқымды оқырман қозғалысына жергілікті мектеп оқушылары, студент жастар, сондай-ақ «Ұлттық Ұлан» әскери бөлімінің сарбаздары белсене атсалысты.

Флешмоб барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің жауһарларынан үзінділер оқып, түрлі жанрдағы кітаптармен танысты. Бұл бастама – ұрпақты кітапқа баулудың жарқын үлгісі, сонымен қатар жас буын мен әскери қызметкерлер арасындағы рухани байланыстың нығаюына ықпал етті.

«Жаппай кітап оқу» флешмобы – кітапты ұлықтау арқылы ұлт болашағына қызмет етудің бір жолы. Бұл шара қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттырып, ортақ рухани кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.