Түркістанда ботаникалық бағы бар “Жастар” саябағы ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 12 желтоқсан, 2024

Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын алда келе жатқан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен  құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістанда заманауи үлгідегі жаңа «Жастар» саябағы пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын алда келе жатқан еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен  құттықтады.

– Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәлім, осыдан 6 жыл бұрын жаңа Түркістан облысы құрылды. Бүгінде Түркістан тек облыс орталығы ретінде ғана емес, түркі әлемінің рухани мәдени орталығы болып қалыптасты. Түрлі нысандар бой көтеріп, шын мәніндегі инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа сәулетті қалаға айналды. Қаланы абаттандыру және қала тұрғындары мен қонақтары үшін серуендеуге қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Түркістан қаласында жасыл желектер алқабын ұлғайту мақсатында нақты жұмыстар атқарылуда. Өздеріңізбен бірге «Жастар» саябағы кешенінің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Бұл жаңа саябақ қалаға қосымша көрік беріп, тұрғындарымыздың демалысын жақсы өткізуге таптырмас орын болары анық. Біз халық игілігіне берілетін нысандарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ шараға қала тұрғындары мен елімізге танымал өнер жұлдыздары – Мадина Сәдуақасова, Ғазизхан Шекербеков, Махмуд Уримбаев өнер көрсетті.

Саябақтың жалпы алаңы – 10,5 га. Демалыс аймағында скейтборд алаңдары, шахмат клубы, өзге де ойын алаңдары, сонымен қатар, 2 шақырым жүгіру жолы және веложолдар қарастырылған. Жабық жылыжайда әртүрлі құрлықтан әкелінген өсімдіктердің 70-ке жуық түрі өсіріледі. Олардың ішінде Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия және тағы басқа аймақтардың өсімдіктері бар. Пальма, фикус, тропикалық, шөл, субтропиктік, цитрус өсімдіктерімен қамтылған. Сонымен қоса оқушыларға биология сабақтарын өту мүмкіндігі қарастырылған. Саябақта құстар мен балықтар бар.

Айта кетейік, Түркістан қаласында 32 саябақ, 32 сквер мен аллея, 15 жасыл алаң мен аймақ бар.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.